KSOR
Қоғам жобасы

KazIOR AITIM Centre

Жасанды интеллект, медициналық визуализация және онкология тоғысындағы ғылыми және трансляциялық зерттеулер. Орталық Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының базасында жұмыс істейді.

Серіктес болуОрталық жетекшісі — Мұхамеджан Амангелді, AITIM директоры
en
Centre for Artificial Intelligence in Translational Imaging and Medicine
ru
Центр искусственного интеллекта в трансляционной визуализации и медицине
kk
Трансляциялық визуализация мен медицинадағы жасанды интеллект орталығы
Мақсаты

Жасанды интеллект, медициналық визуализация және трансляциялық онкология тоғысында ғылыми және трансляциялық зерттеулер жүргізу.

Негізгі міндеті

Жасанды интеллекттің өз технологияларын әзірлеу және оларды обырды визуализациялауда қолдану, онкологиялық аурулардың жаңа болжамдық және предиктивті маркерлерін іздеуге ерекше назар аудару.

Миссия
Инновациялар

Жаңа диагностикалық, болжамдық және терапиялық технологиялар жасау үшін медициналық визуализация мен трансляциялық медицинадағы ЖИ зерттеулері.

Емдеу тиімділігі

Мамандарға ауруларды ертерек анықтауға, терапияны жоспарлауға және пациенттерді бақылауға көмектесетін интеллектуалды шешімдер.

Ғылыми коллаборация

Ғылыми жаңалықтар клиникалық практикаға тезірек жетуі үшін зерттеушілер, дәрігерлер және IT-әзірлеушілердің бірлескен жұмысы.

Зерттеушілердің жаңа буыны

Жас ғалымдар мен дәрігерлерді медицинадағы жасанды интеллект қағидаттары мен қолданысына оқыту.

Серіктестік

Қазақстандағы және шетелдегі клиникалармен, визуализация орталықтарымен, зертханалармен және ғылыми орталықтармен ынтымақтастық.

Кіммен жұмыс істейміз
Клиникалық бөлімшелер

ҚазОРҒЗИ клиникалық бөлімшелерінде диагностика мен емдеуге ЖИ негізіндегі шешімдерді енгізу.

Визуализация орталықтары

Радиология, ядролық медицина, патоморфология, эндоскопия, генетикалық зерттеулер — ЖИ көмегімен медициналық кескіндерді түсіндіру дәлдігін арттыру.

Зертханалар

Трансляциялық зерттеулер, оның ішінде виварий базасында — ғылыми жаңалықтан клиникалық қолданысқа және дербестендірілген онкологияға дейін.

Ғылыми орталықтар

Отандық және шетелдік университеттер, институттар, клиникалар мен индустриялық серіктестер — тәжірибе алмасу және цифрлық ресурстарға қолжетімділік.

«Жасанды интеллект арқылы медицинаның мүмкіндіктерін кеңейтеміз»

Empowering medicine with artificial intelligence

AITIM-мен серіктестік

Медицинада жасанды интеллектпен жұмыс істейтін стартаптармен, технологиялық компаниялармен, университеттермен және клиникалармен ынтымақтастыққа ашықпыз. Бірлескен зерттеулер, AI-шешімдерді клиникалық валидациялау, деректермен жұмыс, оқыту — өзіңіз туралы айтыңыз, біз сізбен байланысамыз.

Қызығушылық бағыты
Файл таңдалмаған
PDF, 10 МБ дейін. Міндетті емес.

10 жұмыс күні ішінде жауап береміз. Деректерді қалай өңдейміз